Бүгін сөйлеген сөзінде Президент маңызды міндетті айқындады: Қазақстан өзінің географиялық орналасуын жай ғана пайдаланып қоймай, одан барынша экономикалық пайда алуды үйренуге тиіс.
Еліміз
арқылы ірі халықаралық көлік бағыттары
өтеді. Алайда транзиттік тасымалдың
өсуі экономиканың бұдан барынша пайда
алып отырғанын әлі білдірмейді.
Мысалы,
Президент Қазақстан арқылы өтетін
автомобиль транзитінің жартысынан
астамы шетелдік тасымалдаушылардың
үлесінде екенін атап өтті. Бұл отандық
көлік компанияларының халықаралық
тасымалға қатысуын кеңейтуге айтарлықтай
әлеуеті бар екенін білдіреді.
Екінші
маңызды мәселе – инфрақұрылымның
сапасы. Егер жүк көліктері шекарада
тұрып қалса, ал жолдар заманауи талаптарға
сай келмесе, Қазақстан өзінің транзиттік
артықшылығының бір бөлігінен айырылады.
Осы
орайда мен ең бастысын атап өтер едім:
біздің міндетіміз – ел арқылы көбірек
жүк өткізу ғана емес, осы арқылы
Қазақстанның ішінде көбірек табыс табу.
Әңгіме
отандық көлік компанияларын, логистикалық
орталықтарды, қойма кешендерін, жол
бойындағы сервисті дамыту және жаңа
жұмыс орындарын құру туралы болып отыр.
Сондықтан
Президент тапсырмаларын инфрақұрылымдық
жобалар ретінде ғана емес, экономиканы
әртараптандыру және халықтың табысын
арттыру құралы ретінде де қарастыру
қажет.
Әлішер
Базарбаев, Әлемдік экономиканы зерттеу
орталығы директорының орынбасары